Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Еңбекті қорғаудың негізгі қағидасы — өндірістік жарақатты және кәсіби аурулықты болдыртпау. Жазатайым оқиғаны уақытында тоқтату — SMART OIL компаниясының бастапқы мақсаты, тапсырмасы, негізгі қағидасы. Компания өрлеуінің маңызды басымдылығы болып, қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік жасайтын кәсіби қауіпсіздік шарттарын жасау болып табылады. Мұндай шарттарды қалыптастыру үшін арнайы бағдарлама әзірленді және қолдануда, бағдарлама басқару нысаны жөнінде объективті ақпарат алуды, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды, басшылықтан қызметкерге дейін еңбекті қорғау жөніндегі міндеттемелерді бөлуді, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді, еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамалардың сақталуына бақылау жүргізуді және тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік төңірегіндегі негізгі тапсырмаларға мыналар жатады:

  • Еңбек қызметі кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
  • Өндірістік нысандарды қауіпсіз пайдалануды, апаттың алдын-алу, залал келтірмеу және оның салдарын қамтамасыз ету.
  • Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік төңірегінде заңнамалардың атқарылуын қамтамасыз ету.