Техникалық жарақтандыру

SMART OIL компаниясы даму бағытының негізін қалаған күннен бастап, халықаралық стандарттарға жауап беретін бұрғылау технологиясының заманауи түрлерін қызметте қолданды. Бүгінде олардың қатарына бұрандалы забой қозғалтқышы (БЗҚ), жоғары айналымды турбинадағы үлдірлеген қашауы бар бұрғылау жүйесі, «Шлюмберже» компаниясының Power-V автоматты ротор жүйесі және BakerHughes компаниясынан AUTO-TRACK, сондай-ақ басқа да кешенді техникалық шешімдер солардың қатарына кіреді. Техникалық парк пен аспаптарды үздіксіз жаңартып тұру нәтижесінде SMART OIL компаниясы 7 000 метр тереңдікке дейін ұңғыманы бұрғылау мүмкіндігі бар және қазақстандық нарықта беделді бәсекелестікке түсе алады.

Жыл сайын компания меншігіндегі техникалық қорларды жаңартып тұрады. Бүгінгі таңда компания активінде 2010-2013 ж.ж. шығарылған заманауи бұрғылау қондырғылары бар, сондай-ақ ең жоғарғы технологиялық стандарттарға сай келетін жаңа цементті агрегаттар бар. Біздің жас компаниямыздың қорында 13 бұрғылау қондырғысы және 150 бірліктен астам әртүрлі арнайы техника жұмыс жасайды. Одан басқа SMART OIL компаниясы өз бетінше компанияны полимерлі бұрғылау ерітіндісімен және ChevronPhillipsChemicalCompany, Уралкалий, Messinа және басқа сынды алпауыт компаниялармен ынтымақтаса байланысатын ұйымдар арқылы химиялық реагентпен қамтамасыз етіледі. Мұндай ынтымақтастық потенциалды тапсырыс берушілерге ұңғымаларға құрылыс жұмысын жүргізу жөнінде кешенді ықпалдасып, аз көлемде мердігер тартуға септігін тигізеді.

Сіздердің назарларыңызға SMART OIL компаниясы бұрғылау қондырғысының жан-жақты сипаттамасын ұсынамыз:

Бұрғылау қондырғыларының түрлері

Саны

Макс. Тереңдік, м

БУ ZJ70DBS 2 7000м
БУ ZJ40 6 4000м
БУ МБУ-125 2 2000м
БУ АРБ-100 1 1500м
БУ XJ-550 1 7000м
УПА 60/80 көтеру агрегаты 2 3000м

 

БУ ZJ70DBS (2012ж.)

1ZJ70 Предназначена для бурения ротором и забойными двигателями эксплуатационных и разведочных скважин.Пайдалану және барлау ұңғымаларының ротор және забой қозғалтқышымен бұрғылауға арналған.
Өндіруші ел - Қытай. Ең жетілген техника, дәл қазіргі уақытта әлемде бар жаңа технологиямен жабдықталған.
ZJ-70 DBS тұрақты, толық электр өткізгішті.
Ұңғыманы шартты бұрғылау тереңдігі – 7 000 м, жүккөтергіштігі 450 тонна.
Ағымдағы күнге Компания өндірісте 2 қондырғыға ие.

БУ ZJ40 (2010-2011ж.)

2ZJ40 Жылжымалы бұрғылау қондырғысы, Қытай елінде жасалған. Барлық жаңа технологиямен жабдықталған және барлық қажетті стандарттарға жауап береді және сәйкес келеді.
Ұңғыманы бұрғылаудың шартты тереңдігі - 4000 м, жүккөтергіштігі - 225 тонна.
Ағымдағы күнге Компания өндірісте 6 қондырғыға ие (2010-2011 ж.ш.), олар Ақшабұлақ, Ақтау, Досжан, Есжан кен орындары (Тапсырыс беруші «Саутс-Ойл» ЖШС), сондай-ақ Орал кеніші («АралМұнайГаз») және Қонақбай кенішіндегі («НұрсәтБауыр және К» ЖШС) барлау ұңғымаларын бұрғылайды.

БУ МБУ-125 (2007ж.)

5MBU-125 Пайдалану және барлау ұңғымаларының ротор және забой қозғалтқышымен бұрғылауға арналған. Өндіруші ел - Ресей.
Ұңғыманы шартты бұрғылау тереңдігі – 2000 метр, жүккөтергіштігі 125 тонна. Қозғалтқыш қуаттылығы - 470 жылқы күші.
Ағымдағы күнге Компания өндірісте 2 қондырғыға ие (2007 ж.ш.)

БУ АРБ-100 (2007ж.)

4APB-100 Ротор және забой қозғалтқыштары арқылы бұрғылауға, меңгеруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және мұнай және газ ұңғымаларын қалпына келтіруге бағытталған.
АЖБ (агрегат жөндеу-бұрғылау), жоғарғы әлемдік стандарттарға жауап береді және өзін әрқилы жағдайларда пайдалану мүмкіндігін көрсете білді, тіпті қысылтаяң жағдайларда да өзін ұсына білді.
Ұңғыманы шартты бұрғылау тереңдігі - 1500 метр.
Ағымдағы күнге Компания өндірісте 1 қондырғыға ие (2007 ж.ш.).

БУ XJ-550

6xj-550 XJ-550 – жеңіл, жылжымалы бұрғылау қондырғысы, өндіруші ел Қытай, әлемнің және жақын шетелдің ірі көлемді мұнай өндіретін кен орындарында пайдаланылады. Ұңғыманы шартты бұрғылау тереңдігі - 2000 метр.
Ағымдағы күнге Компания өндірісте 1 қондырғыға ие.

УПА 60/80 көтергіш агрегаты (2010ж.)

6UPA-60-80 Өндірушісі "Машиностроительный завод" ЖАҚ (Санкт-Петербург ) мұнай және газ ұңғымаларын меңгеру және жөндеу жұмыстарына арналған және келесі жұмыс түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді:

  • Ұңғымадан ұңғымаға өту;
  • Ұңғымадағы монтаж-демонтаж;
  • Сорғы-компрессорлық, бұрғылау және айналма құбырлармен және сорғы штангаларымен көтеру-түсіру жұмыстарын жүргізу;
  • Құмды тығынды жуу, ұңғыманы бастыру, айналма; бұрғылау кезіндегі жуу ерітіндісі, фрезерлеу және басқа да жұмыстар;
  • Цементті стаканды бұрғылау, бұрғылау, фрезерлеу және т.б.;
  • ұңғымадағы апатты жою жұмыстары кезінде қармау және тағы басқа жұмыстар.

Жөндеу жұмыстары кезіндегі ұңғыманың шартты тереңдігі - 3000 м. Ағымдағы күнге Компания өндірісте 2 қондырғыға ие (2010 ж.ш.). 2014 жылға 4 қондырғы сатып алу жоспарлануда.

ZJ90DBS бұрғылау қондырғысы

Рисунок1

 

 

Айнымалы ток жиілігінің ретін ауыстыру жүйесі бар DBS сериялы бұрғылау қондырғылары – «ХунХуа» компаниясының бірден бір бәсекеге қабілетті өнімдерінің бірі.  DBS БҚ негізгі ерекшеліктері: жоғары өнімділік пен үнемділік, бұрғылау кезіндегі еңбек шығынын едәуір азайтатын автоматтандырудың жоғары дәрежесі.

Түрі: ZJ90BDS

Орташа тереңдігі: 9000м (27000ft)

Шығырдың қуаты: 3200kW (4000HP)

Ілгектың ең жоғары қуаты: 675mt/1500000ibs

Сорғыштың қуаты: 3 x 2200HP

Бас дизель-генератордың номиналды қуаты мен саны: 5x1200kW

ZJ90DBS БҚ алу үшін «ХунХуа» компаниясымен келісім – шартқа қол қойылған,

қазіргі таңда алдын-ала төлем жасалынған, негізгі төлем 2016 жылға жоспарланған,

одан кейін БҚ SMART-OIL ЖШС-ға келеді.

Техника паркі.