Компанияның міндеті

SMART OIL компаниясы Қазақстан және таяу шетелдегі мұнай қызметі нарығындағы қуатты аймақтық компания қалыптастыруды өз міндеті санайды. Алға қойылған міндеттің тағы бір мақсаты – мұнайгаз ұңғымаларының құрылысына сервисті қызмет көрсетуде жетекші және аса тиімді мердігер бола білуі. Компанияның барлық бөлімшелерінің тыңғылықты дайындалуы негізінде, біздер, тапсырыс берушілерге барынша табыс көзі кіретін және аймақтың, бүтіндей елдің экономикасының дамуына септігі тиетін мүмкіндік беруге ұмтыламыз.

Қауымдық құндылықтар.

  • Беделі.

Біздің ұмтылысымыз - SMART OIL компаниясын сенімге ие, толығымен өзінің атауын ақтап шығатын компания ретінде қалыптастыру: біз жұмысқа ақылмен келеміз және әрдайым жаңару үстіндеміз.

  • Ұжым.

Ұжымның топтасуы қызметті жетілдіру мәселелерін шешу үшін, жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін және тапсырыс беруші алдында өз міндеттемелерін атқару барысында маңыздылыққа ие.

  • Сапа мен тиімділік.

Сапаға жетістігін көздеу және жұмыстың жоғарғы нәтижесін көрсету, біздің бәсекелестік артықшылығымыздың негізі болып табылады. Бұл жетістігімізді жыл сайын дамытып келеміз.