Компания тарихы

SMART OIL бұрғылау компаниясы 2004 жылы негізін қалады. Компания құрылған кезден бастап алғашқы төрт жылдықта ұйымдастыру кезеңдерінен тұрды: жабдықтар сатылып алынды, мамандар құрамын жұмысқа тарту және оқыту жөніндегі ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2007 жылы Компания өз іскерлігін бастап, тапсырыс беруші, жеткізуші және мердігер алдында сенімді серіктестердің бірі ретінде өзін көрсете білді. Жұмыс атқарған жылдарында 150-ден астам іздеу-барлау және пайдаланым ұңғымалары бұрғыланды. Компания іскерлігінің маңызды бағыты ретінде ұңғымаларды көлбеу және көлденең бұрғылау қолға алынған. Бүгінде Компания Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыттарының бірі – отын-энергетикалық өндірісін дамытуда өзінің бағаланатын үлесін қосуда.

Жинақталған жұмыс тәжірибесі мен заманауи технологияларды пайдалану – қазіргі таңда кез келген компанияның дамуының негізі. Әлемдік экономиканың дамуындағы жаһандану кезеңі мұнай нарығына сервисті қызмет көрсету саласында бәсекелестікті нығайтып, орын алған өзгерістерге біздерді аса белсенді қатысуымызды міндеттейді. Біздің түсінігімізде, әрі қарайғы біздің компаниямыздың дамуы – бұл тек білім мен инновацияға негізделген қозғалыс, алға қарай ұмтылыс.

SMART OIL компаниямыздың бұрғылау қызметін көрсетуде мердігер (оператор немесе тапсырыс беруші үшін) алдында аса бәсекелес болуы біздің маңызды мақсатымыз болып саналады. Компания әрдайым бұрғылау қондырғысы паркін жаңартып тұрады. Қазіргі таңда біз мына заманауи бұрғылау қондырғыларымен жұмыс жасаймыз: «ZJ70DBS», «ZJ40», «МБУ-125», «АРБ-100», «XJ-550», «УПА 60/80» және т.б. SMART OIL компаниясының техникалық қоры туралы толығырақ мәліметтерді сайттың сәйкес бөлімдерінен біле аласыздар.

SMART OIL бұрғылау компаниясы әртүрлі геологиялық құрылымдардағы ұңғымаларды бұрғылау үшін және тереңдігі (7,000 м) дейінгі ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін жоғары білікті мамандармен және тәжірибесі мен білімі жеткілікті қызметкерлермен мамандандырылған. Осындай жетістіктерге ие болған Компаниямыз өзінің бизнес-серіктестеріне өндірістік және технологиялық әлеуетін кеңейтіп, келісімшарттық қызметтерді сапалы және уақытылы атқаруына демеу береді.

SMART OIL компаниясының басшылығы өзінің қызметкерлері үшін тұрмыстық және спорттық-сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етіп, маманның тұрақтамаушылығын болдыртпау саласында біршама көңіл бөледі. Қазақстанның экономикасына өз үлесімізді қоса келе, бізді қоршаған табиғат ортасына қамқорлықпен қарап, оны келешек ұрпағымызға сақтап қалуға тырысамыз. Біз өзімізді қоршаған байлықты сақтап, оны балаларымыз бен немерелерімізге көбейтіп қалдыруға ұмтыламыз. Сол себепті де Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес барлық экологиялық стандарттар мен ережелерді сақтаймыз.

SMART OIL компаниясын таңдай отырып, сіздер жауапты және сенімді серіктесті таңдайсыздар. Әрбір жобаға жеке қарау арқылы әрбір ауқымды жобаларға табыс алып келетініне кепілдік береді.