Компания іскерлігі

SMART OIL компаниясы – Оңтүстік Қазақстан облысының ірі және сенімді дамушы мекемелерінің бірі, мұнайгаз саласында ұйымдастыру жағынан ұңғымаларға құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуде толық көлемде сервисті қызмет көрсететін мекеме болып табылады.

Компанияның мұнай және газ ұңғымаларының құрылысына мемлекеттік лицензиясы бар.

Компанияның өндірістік іскерлігіне ұңғымаларды тігінен, көлбеу және көлденең бұрғылау, бағанын бүйірден кесу, бұрғылау ерітіндісін ілестіру, дайындалған жер жұмыстары, сондай-ақ сулы ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жатады.

SMART OIL компаниясының өндірістік іскерлік түрлеріне жататындар:

  • Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау;
  • Ұңғымаларға жер асты және күрделі жөндеу жүргізу;
  • Бұрғылағаннан кейінгі және ұңғыманың жөндеу жұмыстарынан кейінгі сынау жұмыстары;
  • Ұңғыманы тазалау, цементтеу, сынамалау және меңгеру
  • Ұңғымаларды сақтау.