АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Соңғы бірнеше жылдар ішінде қарқынды дамушы Маңғыстау облысы экономиканың қозғаушы күші және республикалық бюджеттің донорының бірі болып табылады, жыл сайын еліміздің бас қазынасына ондаған миллиард теңге қаражат құяды. Дәстүр бойынша екі негізгі бағыт аймақтың әл-ауқатының жақсаруына негіз болса, оның бірі мұнайгаз саласының өнеркәсібі және логистика, ең алдымен теңіз порттары назарда болады. Соңғы жылдары қатты айтылып жүрген облыстық туристтік өнеркәсіп, баяу, бірақ елдің экономикалық инфрақұрылымында өзіндік лайықты орны бар өнеркәсіп.

Міне, осылайша аймақтық даму кезекті жаңа серпіліс алды. Жақын күндері Маңғыстау облысында біздің республиканың үкіметі мен Европалық Одақтың қолдауымен «ірі көлемді жобаны жүзеге асыру жөніндегі аймақтық консультативтік кеңестің «Қазақстанның аймақтық дамуы» жобасы алғашқы рет құрылған болатын. Бұл жоба егер сәтті жүзеге асатын болса, қандай мүмкіндіктерге ие болып, қандай жетістіктер әкелетінін біз кейінірек айтамыз, ал әзірше аймақтың күнделікті тіршілігіне назар салып, бүгінгі таңдағы істердің қалыптасуына баға беруге тырысайық.

Ақпарат көзі: http://www.nomad.su