Маман саясаты

SMART OIL компаниясының маман құрамының негізі — бұл жоғары деңгейлі мамандар, ірі жобаларды жүзеге асыруда табысты тәжірибе жинақтаған, жеткізушімен және нарық ерекшелігімен байланысты жолға қойған тұлғалар. Біз пікірлес біртұтас топ – өз ісінің кәсіби мамандарын құрдық. Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз, олардың қызметтік тұрғысынан тәуелсіз қарап, кәсіби дамуына ықпал етеміз. Біздер шешім қабылдағанда өзара сенімге, ынтымақтастыққа бағытталған қарым-қатынасқа жүгінеміз.

SMART OIL компаниясының бірлескен саясаты компанияның өсуі мен дамуына ықпал жасайтын қызметкерлердің дамуына және ат салысуына бағытталған. Біздер: қызметкерлердің өзіндік бастамасын, кәсіби жетістігін, жекелей дамуын қолдаймыз. Тәжірибеге сүйене келе, біздер қол жеткізген жетістігімізді бағалаймыз және алға ілгерілеу үшін ұмтыламыз, біздің әрбір топ мүшесінің жеке күш салуынан болашағымызды топтасып құру екендігін түсінеміз.

SMART OIL компаниясының басшылығы ұзақ мерзімді бизнестің дамуында әсіресе адами капитал ықпал етеді деп есептейді. Компанияның мамандық потенциалынан оның коммерциялық табысы мен даму қарқындылығы көрінеді. Осыған орай SMART OIL компаниясының басшылығы мамандар саясатын өзіндік іскерлік табысының кілті санап, қызметкерлердің өркениетті және заманауи жүйесін құрып, біздің тобымызда табысты жұмыс жасауы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Тәжірибелі мамандардың әрқашан кәсіби деңгейінің өсуі мақсатында SMART OIL компаниясының басшылығы қызметкерлерді оқыту және қайта біліктілік беру жөніндегі арнайы бағдарламаны серіктес жоғары оқу орны – «Инновациялық-технологиялық колледжде» оқытуды қолға алды. Компания қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ колледж оқытушыларының біліктілік деңгейін жетілдіру мақсатында тұрақты Уфа мұнайгаз институтының, Сәтпаев атындағы ҚазМТУ, Губкин атындағы ММГУ жоғары оқу орындарының тәжірибелі педагогтары мен профессорлары шақырылып тұрады.

SMART OIL –білімді, кәсіби мамандар бас қосқан, ортақ құндылықтарымен біріккен, тапсырмаларды орындау нәтижесінде мақсатқа бағытталған, компания алдында жауап беретін, ынтымақтастық қағидасын басшылыққа алатын және өзара сыйластығы бар ұжым бар жерде нағыз тиімді, компанияны табысты етуге болатынына сенімді.
Компания мына қағидаларды ұстанады:

Жауапкершілік  
Компания өзінің әрбір қызметкеріне тек материалды әл-ауқатының өсуіне ғана емес, сондай-ақ оның әлеуметтік, кәсіби дамуына және жеке басының көтерілуіне жауапкершілікті алады.

Маманның потенциалды өсуі 
SMART OIL компаниясының көптеген қызметкерлері арнайыландырылған серіктес колледжде оқытылған. Жыл сайын бірнеше ондаған мамандар Қазақстан және Ресей елдерінен шақыртылған педагогтардың дәріс беру нәтижесінде біліктілігін арттырып, өздеріне жаңа білім жинақтайды.

Ішкі мамандарды ауыстыру мен карьерлік өсудегі теңдей мүмкіндіктер
Біздер қызметкерлерге компания шеңберінде теңдей даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру және әлеуметтік бағдарламаларға жол ашамыз. Әрбір қызметкердің кәсібилігі, ынтасы және жауапкершілігі тігінен немесе көлденеңінен алмастыру жөнінен шешім қабылдауда табыс кілті болып табылады (лауазымдық өсуі немесе басқа құрылымдық бөлімге ауысуы).

Уәждеме және сыйақы  
Біз әрбір қызметкердің үлесін әділ бағалаймыз және марапаттаймыз, аса тиімді жұмыс атқаруы үшін жағдайларын жасаймыз.